Синоптиктердің болжамы бойынша ертең, 17-ші қыркүйекте облыстың таулы аймақтарында жаңбыр күтіледі.
Солтүстік-шығыстан тұрған желдің екпіні 8-13 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы +25,+30 градусты құрайды. Облыстың таулы аймақтарында +21 градус жылы болады. Түнде сынап бағанасы +13…+18 градус, облыстың таулы аймақтарында +8 градус.
18 қыркүйекте облыс аумағында ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан тұрған желдің екпіні 8-13 м/сек, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз ауа температурасы +25…+30 градус болса, облыстың таулы аудандарында +22 градус жылы болады деп күтілуде.
19 қыркүйекте облыстың таулы аймақтарында жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы күндіз +22…+27 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында +17 градус.