Қоғам қайраткері Президент бастамасын қолдады

0
ОТЫРАР

Шымкенттіктер Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімін қолдады. Қоғам, мәдениет және білім қайраткерлері халық пен билік арасындағы көпір жолға қойылған деп санайды. Олар Атом Электр Станциясын салу бойынша соңғы сөздің халыққа берілгені жөн шешім дейді. Қалалық әйелдер одағының басшысы Баян Жандосова осылайша мемлекет дамуындағы бірқатар мәселелердің оң шешілеріне сенімді.

Баян Жандосова, қоғам қайраткері: «Бұл — тарихи үлкен жоба. Халық үшін, Қазақстан үшін, жастар үшін шешілген жоба деп отырмын. Халқымыз саналы түрде осындай шешімге келді деп ойлаймын»