Аудан мектептерінде ата-аналармен кездесулер өткізілуде

24
фото САӘБҚ
Сайрам ауданының 99 мектебіндегі оқушылардың ата-аналарымен кездесу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сай 8 жұмысшы топ құрылып, кесте бекітілді. 40 адамнан тұратын бұл топтар ата-аналармен кездесіп, тәрбие мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастады.
Мақсат – жасөспірімдерді жат қылықтардан сақтандыру, құқықбұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Ата-аналарға балалардың сабақ үлгерімін қадағалау, бос уақытын тиімді пайдалану, ұялы телефондар мен әлеуметтік желілерін бақылауда ұстау қажеттігі түсіндірілуде.
Жұмысшы топ құрамында зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, жастар және «Жастар Ресурстық орталығы» бар.
Кездесулер алдағы уақытта жалғасын табады.