Ұшқыш міндетті түрде ер адам болуы керек деп кім айтты? Біздің бүгінгі кейіпкеріміз аспан әлемі бәріне ашық екенін дәлелдеді! Елена Нуриева ұшақты басқарып қана қоймай, оны әр жолаушыға сенімділік сыйлай отырып кәсіпқойлықпен жасайды. Нәзік жан авиацияны қалай бағындырды?
«Армандар орындалады!»- дейді Елена Нұриева күлімсіреп. Бала кезінен ол ұшақтың кабинасында болуды армандап, аспанда ұшақтарға таңдана қарағанын жасырмайды. Кішкентайында мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес сияқты көрініпті. Дегенмен асқан табандылық пен еңбек өз нәтижесін берді! Бүгінде Елена SCAT авиакомпаниясының екінші ұшқышы. Оның жолы стюардессадан басталды, қазіргі таңда ол аспанға ұшақпен сенімді көтеріледі.
Биіктік, жылдамдық, мыңдаған шақырым жол — ол үшін бұл жұмыс күндері. Бір жыл ішінде Елена аспанда 800 сағаттай жолаушыларды әртүрлі елдер мен қалаларға тасымалдайды. «Мен үшін ұшақтар әрқашан бірінші орында», — деп мойындайды ол.
Елена Нуриева, SCAT әуекомпаниясының ұшқышы: «Конфуций айтқандай, сіз өзіңізге ұнайтын мамандықты таңдаңыз, жұмысыңыздың әрбір сәті сізге қуаныш сыйлайтын болады. Бұл абсолютті шындық. Ұшқыштың жұмысы-өзін-өзі тәрбиелеу, табандылық, тұрақтылық, жауапкершілік және тәртіп».
«Ұшқыштың жұмысындағы ең бастысы — зейін мен жауапкершілік», — дейді Елена. Ұшудан қонуға дейін бәрі экипажға байланысты және әр рейс бірінші рейс сияқты. Бірақ ұшқыш арудың айтуынша, жолаушылардың жылы лебіздері бұл мамандықтың барлық қиындықтарына тұрарлық.
— Ұшақ қонғанда жолаушылар қол шапалақтайды. Сізге ұнайды ма?
Елена Нуриева, SCAT әуекомпаниясының ұшқышы: «Жоқ, біз оны естімейміз, бірақ стюардессалар бізге жеткізеді және қуанамыз әрине, рахмет».
Сапар алдында экипаж барлық қажетті тексерулерден өтеді. Бортта жүзден астам жолаушы бар. Соңғы дайындық және ұшақ ұшуға дайындалып жатыр!