Шымкентте тұрғын үймен қамту қарқынды жүргізілуде

фото ШӨКҚ
Мемлекет басшысының халықты баспанамен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 3 592 пәтерлі 57 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 16 үй, Бозарық шағынауданында 36 үй, Ақжайық шағынауданында 5 үй салынады.
Аталған тұрғын үйлер кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
2024 жылы 161,9 мың шаршы метрді құрайтын 55 тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кезегіндегі тұрғындарға берілді.
Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтерлер нарықтан сатылып алынады.