Сот жауапкерді құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұздыруға міндеттеді

26
фото әлеуметтік желіден
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономиқалық сотында мемлекеттік мекеменің Серіктестіктің заңсыз салынған құрылыс нысаның бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюға қарағанда, уәкілетті органның мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, «Абай» саябағы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 32,3806 га жер телімі талап қоюшының теңгеріміне берілген. Осы саябақ аумағында Серіктестікке тиесілі екі қабатты құрылыс нысандары бар.
Алайда, Серіктестік «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 1-тармағына сәйкес құрылыс нысандарын жүргізу кезеңiнде осы бапта белгiленген рәсiмдерді орындамай және талаптарын сақтамай құрылыс жүргізген.
Сонымен қатар, бұдан алдын жергілікті атқарушылық органының жауапкер Серіктестікке құрылыс нысандарын бұзу жолымен жер учаскесін босатуды міндеттеу туралы азаматтық іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келіп, орналасқан барлық құрылыс нысандары мемлекетке өтеусіз беруге міндеттенген.
Жауапкер Серіктестік болса, саябақтың жоспарына сәйкес тек балалардың ойын- сауық кешені ретінде пайдалануға, уәкілетті органдардың арнайы рұқсаттарын алмай алкоголь өнімін сатуға және қандай да бір өзге тәсілмен өткізуге, оны өндіруге, өткізуге және сақтамауға және алкоголь өнімдерін шығаратын шағын зауытының жабдықтарын бөлшектеуге міндеттенген
Алайда, жауапкердің тарапынан өзіне алған міндеттемелер толығымен орындалмаған.
Сот, жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, талап қою заңды және негізді деген қорытындыға келді. Соттың шешімімен жауапкер Серіктестікке тиесілі құрылыс нысандарды өз есебінен мәжбүрлеп бұзылуға жатады деп таныды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.