Жетісайда жас полицейлер сенбілікке атсалысты

21
фото ТОӘБҚ
Өз өмірлерін өзгелер үшін қатерге тігіп, азаматтар мен қоғам тыныштығы үшін бел шешпей еңбек ететін тәртіп сақшыларының қызметі шын мәнінде айтуға, мақтануға, үлгі тұтуға тұрарлық.
Бұл ретте тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есімімен аталатын жас полицейлер сыныбы ашылған.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық сенбілікке Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясының аталған сыныбының жас полицейлері де атсалысты.
Олар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен бірге орталық саябақ аумағына түрлі декоративті көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
– Біз білім алушылар арасындағы мейірімділік пен ізгіліктің, мемлекеттік ой-өріс рухында, жауапкершілікті өз мойындарына алуда, бастамашыл, дербес, жедел көсбасшылық қасиеттерді меңгеруде, білімді, мәдениетті, ақылды, көзқарастары кемел, үлкен істерге қабілетті болуда, табиғатты, отанды қастерлеуде өзгелерге үлгі болуымыз керек. Жас полицейлер сапына қабылданған әрбіріміз мұны жақсы білеміз, – деген полиция сыныбының мүшелері алдағы уақыттарда қатарластарын туған жердің тазалығын сақтап, сенбілік жұмыстарына жүйелі түрде белсенді қатысуға жұмылдыруға уәде етті.