«Крутой» контент үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

фото ШПД
Бүгінде жастардың контент үшін жол ережесін саналы түрде бұзу жайттары орын алуда. Өмірге қауіп төндіре отырып, видео түсіру сәнге айналып барады, және бұл алаңдатады. Біреудің денсаулығына, тіпті өміріне қауіп келтіретін әрекетті хайппен де, лайкпен де ақтауға болмайды.
Республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында осындай оқиға анықталды. Көлік кортежі «ерекшеленуге» тырысып, жол жүру қағидаларын өрескел бұзған. Мұның бәрі интернетте танымал болу үшін жасалғаны белгілі болды. Алайда кортеж қатысушылары әлеуметтік желідегі қаралымның орнына хаттамалар арқалады: жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жолдағы құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы анықталып, қайғылы салдардың алды алынды.