Úı ANONS Жолақы төлмегендерге 60 млн. теңге айыппұл салынды

Жолақы төлмегендерге 60 млн. теңге айыппұл салынды

фото Егемен.кз

Жолақы төлеу әр жолаушының азаматтық міндеті. Бірақ бұл заңдылыққа жүрдім-бардым қарайтындар бар. Осыған орай, кезекті рейдтік шара ұйымдастырылып, бірер сағатта 20 — дан астам қала тұрғыны айыппұл арқалады. Алайда, кейбірі хаттамамен келіспейтінін айтып, ақталуға тырысты. Десе де, заң бәріне ортақ.

Қоғамдық көліктерге қатысты тұрғындардың арызы көп дейді мамандар. Әсіресе, автобус санын арттырып, жүру интервалын жақындатуды сұрағандар баршылық. Бірақ, бұл талапқа сай келмейді деп отыр Жомарт Ерболатұлы. Өйткені, бір автобусқа мінген адамдардың  тең жартысы жолақысын төлемей кетеді дейді.

Жомарт Қамидоллин, ЖОМАРТ ҚАМИДОЛЛИН «SMART MOBILITY» ЖШС-нің директоры: «Қазіргі таңда, қалада  950 автобус болса, 300 мың адам ғана жолақысын төлеп жүр.  Статистика бойынша, негізі автобустардың санына сәйкесінше, қалада кем дегенде 600 мың адам автобус қолданушысы бар. Соның ішінде 300 мың адам, жолақысын төлемейді немесе картасын баспайды. Бұл деген  ақысын төлеп жүрген адамдарға кесірін тигізіп жатырмыз. Бізге арыздар өте көп түсіп жатыр. Интервалды азайтыңыздар, автобусты көбейтіңдер деп. Зерделеу жұмыстарын қарасақ, автобустың сыйымдылығы 56 адам болса, оның ішінде 20-25 адам ақша төлеп жүр».

Расында бірер сағаттың өзінде 20- дан астам тұрғын жолақысын төлемей түскені анықталды. Сол мезетте, бақылаушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, полиция қызметкерлерін шақырды. Олар азаматтарға құқықтық тұрғыдан айыппұл төлеуге мінддетті екенін айтып, әкімшілік хаттама толтырды.

«622 баптың 2 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Ол дегеніміз, сізді автобусқа мініп, жолақысын төлемеген бойынша. Қазір қолма қол ақша дегенді алып тастаған. Қолма-қол деген жоқ. Негізі 7800 теңге. Сіз бір апта ішінде төлесеңіз,  3932 теңге төлейсіз».

Жолақысын төлемей, әкімшілік  жауапкершілік арқалаған жандардың басым бөлігі, қолма-қол төлегендер. Сонымен қатар, өзге біреуге тиын беріп, кьюар кодын пайдаланғандар. Бірақ, дәлел -дәйектері жоқ болған соң, айыппұл арқалаудан басқа амалы жоқ. Олардың ішінде шәйпұл деп бергендерде табылды.

«Тиын беремін ғой. Ауылдан  келемін ғой. Шәй-пай ішсін деймін».

«Факт мен төледім ғой. Төлемеймін мен ешқандай».

Ал жүргізушілердің бірі, ақша алатынын мойындағысы келмеді. Бірақ, алмайтынында ашып айтпады. Керісінше, халықтың өзін кінәлап отыр.

«Жұртта жұмысым жоқ. Алады ма? Алмайды ма? Ақшша беріп тұрса кім қарсы болады. Халықтың өзі береді. Ол жағын айтпаймын».

Бақылаушылардың айтуынша, ережеге бағынбайтындар өте көп. Бірі оларды балағаттап кетсе, енді бірі оқиға орнынан тайып тұратындар бар екен.

Ариф Момишев, бақылаушы: «Әр рейдке шыққан кезде 30-40  -50 мен қайтамыз. Ең аз мөлшерде 20-25 болады. Көбісінде қолма қол болады, ол кезде, қасыңыздағы жолаушыларға төлетіңіз дейміз. Чекті суретке түсіріп алыңыздар деймін. Қазір көбісінде каспий арест болып жатыр. Карта алмайды».

Төлемнен жалтару қоғамдық көлік жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді дейді мамандар. Айта кетейік, жыл басынан бері, тегін жүрмек болған 7800 адамға  әкімшілік хаттама толтырылған. Нәтижесінде мемлекет қазынасына 60 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Нұргүл Жолымбетова