Úı ANONS Алимент төлемегені үшін 6 айға сотталды

Алимент төлемегені үшін 6 айға сотталды

фото total.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдауда.

Ағымдағы жылы прокуратура бастамасымен 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты.

Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрауда. Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады.