Қызылжар-2 шағынауданында тұрғындардың көптен күткен қуанышы орындалды. Он жылдан бері көгілдір отынның тиісті инфрақұрылымын асыға күткен 200-ден аса отбасы енді мемлекеттік газ жүйесіне қосылды. Бұған дейін аумақта жекеменшік газ құбыры пайдаланылып келгенімен, оның сапасы мен қауіпсіздігі көңіл көншітпеген. Осыған байланысты мұнда мемлекет тарапынан жаңа газ желісі жеткізіліп, тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасалды.
Он жыл бойы жылы үйді армандаған Қызылжар-2 тұрғыны Аружан Қонысбек үшін бүгінгі күн ерекше есте қаларлық. Екі баланың анасы жаңа шаңырағына толық инфрақұрылыммен көшкісі келгенін айтады. Енді ол алдағы қысты алаңсыз, мемлекеттік газбен жылытылатын үйде қарсы алады.
Аружан Қонысбек, қала тұрғыны: «Біз осы үйге қоныс аудару үшін газ бен судың келуін күткенбіз. Өте қуаныштымын. Жақсы орнатылды. Мемлекетттік газ. Бұған дейін бұл көшеде жекеменшік газ болған. Бірақ мемлекеттікпен салыстырғанда екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Біз өте қуаныштымыз”.
Халықтың қуанышына ортақтасқан қала әкімі де алғаш болып мемлекеттік газ желісіне қосылған үйлердің біріне кіріп, жүйенің жұмысын өз көзімен көрді.
Жоба аясында ұзындығы 7 шақырым газ құбыры тартылды. Нәтижесінде Қызылжар-2 аумағындағы 200-ден астам отбасы қауіпсіз әрі тұрақты мемлекеттік газ желісіне қосылып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл — тұрғындардың тұрмыс сапасын айтарлықтай арттыратын маңызды қадам.
Ермек Қалдықұлов, «QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ Шымкент өндірістік филиалының директоры: “Кезінде бұл жерде жекеменшік газ құбырлары тартылған. Жекеменшік газ құбырында қыста төмен, жағдай мәз емес деп айта аламыз. Сондықтан түсіндіру жүріп жатыр. Жекеменшіктен мемлекетке өтуге болады. Сол кезде жекеменшік газ құбырын алып тастай аламыз да, мемлекеттік газ құбырын жеткіздік. Мемлекеттік газ құбырын тех тексеру жүргізе аламыз. Жекеменшік қараусыз қалғандықтан авариялық жағдай болуы мүмкін, өзіміздің тараптан газ құбырында жөндеу жүргіздік. Біз мемлекеттік газ құбырын салып, меилекеттік газге ауыссыңдар жағдай да жақсы болады”
Мамандардың айтуынша, мемлекеттік газ желісінің негізгі артықшылығы — қауіпсіздік пен үздіксіз бақылау. Жүйеге техникалық қызмет көрсету толықтай мемлекет тарапынан жүргізіледі, сондықтан оның сенімділігі әлдеқайда жоғары.
Рзабек Меңдіқұлов, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: “Біз үлкен жоба келесі жылы бастаймыз. Агр 5. Бұл 3 АГР-сміз бар. 2022 жылы үшіншісі қосылған, сағатына 150 мың жіберіледі. 2026 жылы құрылығы басталады. АГРС 5 бірсе, соның арқасынба 100%-ға жетеміз. Газсыз отырған Ұлағат 4500 адам. Келер жылы құдай қаласа ортаққа қосамыз”.
Қазіргі таңда қаланың газбен қамтылу деңгейі — 97,4 пайыз. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 98 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.
Әдеттегідей қаладағы өзекті нысандарды аралап жүрген шаһар басшысы осы күні Қошқар ата өзені маңындағы жұмыстардың барысымен де танысты. Мұнда жағалаудың 3,5 шақырым аумағы абаттандырылып жатыр. Өзен арнасы қайта қалыпқа келтіріліп, жүргіншілер жолына 70 жарық шам орнатылған.
Әсел Мәлік






