Úı Jańalyqtar 6 жасар қызды зорлаған оқушы 10 жылға сотталды

6 жасар қызды зорлаған оқушы 10 жылға сотталды

 Түркістанда сот 6 жасар қызды зорлады деген айыппен 8-сынып оқушысын 10 жылға соттады. Ол кінәсін ішінара мойындаған. Сотталушының ата-анасынан жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге моралдық зиян өндіру міндеттелді.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 6 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген оқушыны 10 жылға түрмеге жапты. Ол Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабымен кінәлі деп таныды.

«Сот үкімімен кәмелет жасқа толмаған сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Оған жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Сот дерегінше, оқиға 7 шілде күні кешқұрым болған. Жәбірленушінің көшеде кездестірген оқушы оны әңгімеге тартып, көпір астына алып барған. Артынан қарсылық көрсеткеніне қарамай күштеп, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.

«Прокурор – сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды, сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға қатаң жаза тағайындап, одан 20 млн. теңге моральдық зиянды өндіруді сұрады»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

Десе де, жәбірленуші тарапқа моральдық зиян ретінде 8 миллион теңге өндірілетін болды. Сот айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және істің басқада құжаттарымен толық дәлелденді деп есептейді. Жаза тағайындау кезінде сотталушының кәмелет жасқа толмағаны ескерілген.

Дилара Иса