Еліміздегі экологияны басты негізге алған алғашқы «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облысында өз кеңсесін ашты. Ұйым өкілдері облыста бұған дейін кеңсе болмағанын айтады. Партияның Түркістан облыстық филиал төрағасының айтуынша, ұйымның халықты қабылдауға арнайы ашылған орны көптеген мәселені шешуге сеп болмақ.
«Байтақ» жасылдар партиясы. Бұл құрылғанына 3 жыл болса да бірталай экологиялық мәселелерді көтеріп, оның шешілуіне сеп болған ұйым. Оның Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл секілді облыстарда кеңселері белсенді жұмыс істеп келеді. Енді Түркістан қаласында мекеменің жаңа орны ашылды. Мұнда ұйым өкілдері 2025 жылды қорытындылап,алдағы 2026 жылға жоспарларын құрды.
руслан Мұратұлы, «BAITAQ» жасылдар партиясының облыстық филиалының төрағасы: «Президентіміз биыл 2025 жылы жолдау жасаған. Сол жолдауды талқылап, оның ішінен өзімізге қатыстыны жоспарларымызға енгізіп 2026 жылға сол мақсаттарымызды жасап жатырмыз».
САМАТ СӘДЕНОВ, «BAITAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ: «Жаңағы жастармен жұмыс жасау, экомәдениетті дәріптеу деген сияқты көптеген шараларды атап өтті. Соларды жүзеге асыыруға партия бірге атсалысып, еліміздің өсуіне, өркендеуіне үлкен үлес қосатынымызға сенімдімін».
Кеңсе ашылуына келген ұйым мүшелері партияның жаңа кеңсесі қоғам көкейіндегі мәселерді тындап, оған биліктің назарын салуға жағдай жасайды деп сенеді
АЛТАЙ ОРДАБЕКОВ, «BAITAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ: «Осы офисте үлкен істерге, белестерге жетуіне тілектеспіз. Келген халықты қабылдауға жақсы жағдай жасалған».
Айта кетейік, бұл «Байтақ» жасылдар партиясының Түркістан қаласындағы алғашқы кеңсесі.
Ботакөз Әнуар






