Шымкент қыс маусымына сақадай сай. Қазіргі таңда әр аудан бойынша техникалар жаңартылып, қызметкерлер арнайы киімдермен қамтамасыз етілді. Мәселен, Абай ауданында 100 — ден астам техника тазалық жұмыстарына жұмылдырылмақ. Бұдан бөлек, көктайғақ орын алған жағдайда қажетті инертті материалдармен де қамтылған.
Осындай қала игілігі үшін жасалған жұмыс барысымен депутаттар, ардагерлермен қоғамдық кеңес мүшелері танысып қайтты. Тіпті, қала тұрғындарының қуанышына берілген мұз айдынында сырғанақ теуіп, балалық шақтарын еске алды.
«Мұзды өзім тексерейін дедім, балалық шақты еске түсіріп, сонша жауын жауғанына қарамастан, мына мұздың тегістігі, бізге осындай демалыс орындары керек».
Осылайша сырғанақ теуіп, аяқ киімін конькиге ауыстырған депутат, мұз айдынының сапасын тексеріп, оң бағасын берді. Бұдан бөлек, ардагерлер мен кеңес мүшелері тегін демалыс орындарының көбейгені халықтың игілігі үшін екенін жеткізді.
БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ СУДЬЯСЫ: «Аяғыңызға конькиіңізді байлап келіп, тегін теуіп кете берсеңіз болады. Прокатка алсаңыз, 1500 теңге дейді ғой. Мұның бәрі елдің игілігіне жасалған жағдай. Денсаулыққа да пайдалы. Балалардың демалысында өте жақсы. Үлкендер де келіп, демалып кетсе болады. Мұның астында мұздатып тұратыны бар ғой. Бұл күн жылыса да еріп кетпейді. Және мұның айналысына шыршаларды орналастыру үлкен қуаныш».
Мұнан соң, депутаттар мен ардагерлер, сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері аудан аумағындағы өндірістік орындарында болып, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, қыс мезгіліне дайындықты бақылап қайтты. Айтуларынша қысқы маусымға дайындық аясында мекеме қызметкерлері жаңа қыстық арнайы киіммен толық қамтамасыз етілген.
Нақтырақ айтар болсақ, 365 дана қыстық киім, 365 жұп қыстық аяқ киім және 3 000 дана қыстық қолғап берілген. Сондай-ақ, мотопомпалар, қар тазалайтын және сыпыратын арнайы машиналар, күректер мен инертті материал салатын қаптар жеткілікті мөлшерде бар дейді мамандар.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жалпы қала бойынша қаланың шаруашылығында 100 — ге де жетпейтін. Бүкіл қала бойынша. Қазіргі таңда, бір ауданның өзінде 174. Жалпы басқа аудандарда базалар құрылып жатыр. Бұл өте жақсы. Бұрын соншама қаржы басқа компанияларға беріліп келген. Олар сол ақшаға техника алған. Арендаға алған. Қазір есеппен қарасақ, бес жылдың ішінде толыққанды бес жыылдың ішінде немесе 7 жылдың ішінде толыққанды лизингтен құтыламыз. Өзімізге де қаржы үнемдейтін боламыз. Осы тазалыққа, көгалдандыруға».
БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: «Алты жыл әкім болып жұмыс жасадым. Қолымызда бірде-бір техника болмаған. Қар жауған кезде, елді мекендерде су алып басқан кезде, күл-қоқысты тазалайтын кезде демеушілердің есебінен көмек сұрайтынбыз. Бұл Абай ауданында 174 техника алынды. Бұл керемет көрсеткіш. Бұл тек Абай аудаанында ғана емес. Әр ауданға алынған. 5,7 млрд теңгеге лизинг алынған. Әр ауданға алынған».
«Stroi construction» ЖШС Шымкентте темір өңдеу кәсіпорнының бірден-бірі. Жылына 15-20 мың тонна темір және электр бағаналарын өндіріп, қааланы жарықтандыруға ат салысып отыр. Бұл нысан бүгінде 150- ге жуық адамды жұмыспен қамтыған. Мамандарының айтуынша, темір өнеркәсібіне сұраныс жоғары. Сондықтан, алдағы уақытта жоспарымыз көп деп отыр.
Бұдан бөлек, қоғам белсенділері Тассай индуустриалды аймағындағы «Asia Trafo» ЖШС-де болып, өндірістік жұмыстарымен танысты. Бұл зауыт трансформатор шығарумен айналысады. Жылдық қуаттылығы 12 мың кило вольт ампер дейді мамандар. Жалпы, кәсіпорын қуаты 25-тен 500 мегавольт-амперге дейінгі, кернеу класы 110, 220 және 500 киловольт болатын күштік трансформаторлар өндіреді.
Нұргүл Жолымбетова







