Úı ANONS Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша теңге бөлінеді?

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша теңге бөлінеді?

фото yujanka.kz

Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте тілшілер тарапынан биыл жаңа жылдық безендіруге қанша жаражат бөлінетіндігі туралы сауал қойылды. Қала әкімі биыл ол үшін 99 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Ғабит Сыздықбеков қалай болғанда да үнемдеу саясаты жүргізілетінін айтты.

«Өткен жылы қолданылған барлық материалдар аудандық қоймаларда сақталған және қайта пайдаланылатын болады. Бізде бес аудан бар, орталық алаң, Ордабасы және Астана, Әл Фараби алаңдары бар, онда да шырша орнатылады. Осы уақытқа дейін темір шырша қолданылып келсе, биыл менің бастамам бойынша табиғи шырша орнатуды жоспарлап отырмыз», –  деді.