Úı ANONS Баспаналы боламын деп сандалғандар кімдер?

Баспаналы боламын деп сандалғандар кімдер?

фото ШӨКҚ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің кезекті бірыңғай қабылдауы өтті. Қала тұрғындары, тұрғын үй мәселесі, инфрақұрылымның жай-күйі, жол сапасы, инженерлік желілер, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы түйткілді мәселелерін көтерді. Олардың басым бөлігі баспаналы болу үшін барын салғандар. Ал кейбірі, үй кезегі жетті-ау дегенде, банктің қателігінен сарсаңға түскенін алға тартты.

Холида Хакимова 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі баланың анасы. Перзентінің жасы жақында жиырмаға толады. Ол орнынан тұрып жүре алмайды, яғни әрекетке қабілетсіз екен. Сондықтан, анасы кәмелет жасына толған соң, соттың шешімімен қамқоршылық алған. Алайда, кезегіміз келсе де, баспанаға қол жеткізе алмай-ақ қойдық, деп ашынады, ана. Өйткені, церебралды сал ауруына шалдыққан баланың рұқсаты керек, депті Отбасы банк.

ХОЛИДА ХАКИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қамқоршы мен болып тұрсам, ол қабілетсіз болса, ол қалай келісім береді. Балаң келісім бермесе, қалай саған келісімшарт бере алмаймын деп тұр. 8 желтоқсаннан бастап осымен жүгіріп жүрмін».

РОЗА МЕЙІРБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «15 квадрат метр бөліну керек дейді. Маған 72 квадрат бөлінген. Ол менің қателігім емес, Мен кезекте сайтында үш баламмен өзім ғана берілгенмін. Қателік Отбасы банктен. Міне 102 ата-ана, жетім-жесір, толық емес отбасы үйді ала алмай отырмыз. 3 күн уақыт берілген. Үй таратылып береді деп. Содан 133 үй беріледі да, 102 үй берілмей қалады».

Жоғарыда айтылған мәселе, бір ғана отбасының шағымы емес. Сан-түрлі сылтаумен үйлі бола алмай жүрген 100 — ге жуық жанұя бар екен. Мұны отбасы банктің өкілдерінен сұрап білдік. Алғашында сұраққа жауап беруден жалтарған басшы, кейіннен техникалық ақаулар кеткенін мойындады.

ЕРКІН АХЫНШАЕВ, “ОТБАСЫ БАНК” АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Сіз өзіңіз айтып отырсыз. Осы аптаның соңына деейін бұл кісілер үйлі болады деп. Сізге нақты сұрақ, қанша отбасы осындай мәселемен жүр?
— Түгендеу жұмыстарымен 235 адам өткен. Аренда бойынша, біз бір күнде келісімшарт жасай алмаймыз. Күнделікті тұрғын үйге барып, өзінің келісімшартын алып жүргендер бар. Жұмыс тоқтап жатқан жоқ.
— Тағы бір сұрақ. Бұл жерде барлығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар ма?
— Иә, осал топтарға, оларғаа бірінші басымдық берілген.
— Нақты екі күнде шешіледі ме?
— Шешіледі. Арыздарды қабалдап жатырмыз. Қолменде жұмыс жасап жатырмыз. Автоматты түрде дее жұмыыс жасап жатырмыз.
— Не себепті шешілмеді бұл мәселе? Тіркеуден неге өте алмады. Қандай қателік кетті?
Түгендеу жұмыстары бойынша, цифровизация арқылы өткізеді. Атында үйі бар жоғы, қанша баласы бар екендігі. Осының барлығын анықтайтын. Некеде , некеде еемес. Кейбіреуінде техникалық ақаулықтарға байланыысты кейбір кісілерде тартылмады. Оны қолмен жұмыс жасап жатырмыз.

Айта кету керек, қала әкімі ай сайын кезекті қабылдау өткізгенімен, арыз-шағымдар саны азаяр емес. Олардың арасында талай жыл жер кезегіне жете алмағандар да бар. Ал, кейбір тұрғындар шын мұқтаж ба? Әлде байбалам салсам проблема оңай шешіледі дейді ме? Әйтеуір әкімдікті басына көтерді.

Оларды сондағы апталдай азаматтар сүйреп, ғимараттың сыртына шығаруына тура келді. Десе де, жауаптылар, көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында қарастырылып, мүмкіндігінше оң шешімін табуы керектігін атап өтті.

Нұргүл Жолымбетова