Úı ANONS Жеңілдетілген пайызбен 203 отбасы үйге қол жеткізді

Жеңілдетілген пайызбен 203 отбасы үйге қол жеткізді

Жаңа жыл қарсаңында қаламызда әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға арналған тұрғын үй кілттері табысталды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 203 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдік шарттарымен берілді. 

Жаңа жыл қарсаңында 203 жанұя қоныс тойын тойлады. Солардың қатарында екінші топтағы мүгедек Нұргүл Досова да бар. Ол тұрғын үй кезегіне 2018 жылы тіркелген. Өз үйін ұзақ жыл күткен әйел «2-10-20» жеңілдетілген бағдарламасы аясында жеке баспананың кілтіне қол жеткізді. Арманы ақиқатқа айналғанын айтқан кейіпкер қуанышын жасыра алмады.

Кілт табыстау салтанатына қала әкімі арнайы қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Сонымен қатар, естелік сыйлықтар тарту етті.

Жаңадан қоныстанғандар қатарында ерекше күтімді қажет ететін баланы тәрбиелеп отырған жанұялар, көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер, сондай-ақ мемлекеттік сала қызметкерлері қамтылды.

ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламасына қарашада өтінім қабылдаған. 444 пәтерге осы Бозарық мөлтекауданында. Одан түгендеу жұмысы жасалып, төлем қабілетін растаған 203 адам өтті. Оған 2 пайыздық мүгедек адамдарға, 5 пайыздық бюджеттегілер алды. Кезекпен берілді. Мемлекеттік бағдарлама. Осал топтарға басымдық берілді. Көпбалалы алалар, мүгедектер, мүгедек баланы асыраушылар»

Айта кетейік, байқауға жалпы саны сегіз мыңнан астам тұрғын қатысқан. Қазір 248 пәтер иесі іріктеліп жатыр. Одан өткен азаматтар жаңа үйіне қаңтар айында қоныстанады.

Әсел Мәлік