Úı ANONS Баспана кілті табысталды

Баспана кілті табысталды

Қаламызда тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 23 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Асар-2 шағынауданында жалға берілетін пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Қуанышты сәттің куәсі болғандардың қатарында жылдар бойы күткен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар бар.

«Маған бұйырған екен. Толқып тұрмын өзім»

Бұл — 11 жыл бойы өз баспанасын күткен Ашравин Садыкова. Ол күйеуі екеуі жеке үйлі болуды армандаған. Алайда жары бұл қуанышты көріп үлгермепті.

АШЫРАВИН САДЫКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Енді барып көремін. Бәрімізге жұғысты болсын. Рақмет сіздерге. Осыған жеткізгеніне де шүкір».

Баспана кезегінде тұрған 23 отбасы бүгін Асар-2 шағынауданындағы жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Ал 3 топ мүгедегі Жанна Сұнақбаева да көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Ол тұрғын үй кезегіне 13 жыл бұрын тұрған. Айтуынша, бүгін — өзі үшін ұмытылмас сәт.

ЖАҢЫЛ СҰНАҚБАЕВА,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бүгін міне сәті келіп үйінің кілтін алды әкімнен. Өте қуанышты. Өзі де өте қатты қуанып тұр. Бұл кісі 3 топ мүгелдегі. Қала әкіміне рақмет дейді. Осы уақытты ұзақ күттім дейді. Бүгін қол жеткіздім, өте қуаныштымын дейді».

Баспана азаматтарға сатып алу құқығымен беріліп жатыр. Себебі кезек бойынша үйлі болғандар әлеуметтік осал топқа жатады дейді жауаптылар.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Бұл жаңа үйлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан беріліп отыр. Қоныстанушылардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар».

Айта кетейік, соңғы бір апта ішінде қала тұрғындарына баспана кілті үшінші рет табысталып отыр. Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында биыл 235 отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарланған.

Әсел Мәлік