11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, ол бұрын жәбірленушімен таныс болған.
«Қазіргі уақытта оны ұстау және жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ешқандай ақпарат жарияланбайды», — деп түсініктеме берді Шымкент полиция департаменті.
Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.






