Úı ANONS Балағаттағаны үшін 86 мың теңге айыппұл арқалады

Балағаттағаны үшін 86 мың теңге айыппұл арқалады

Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат С.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі).

2026 жылы 5 ақпанда С. алкогольдік масаң күйде қоғамдық көлік салонында азамат Г.-ның атына балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны сотпен анықталды.

С.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іс материалдарымен, процеске қатысушының айғақтарымен, полиция инспекторының баянатымен, сондай-ақ сот отырысында зерттелген «YouTube» әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбамен дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды не 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот С.-ның II топтағы мүгедектігі бар екенін анықтады. ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес аталған санаттағы адамдарға әкімшілік қамақ қолданылмайды.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.