Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған кішкентай қызға тиіспек болды деген күдікке ілінді. Оқиғаны полиция растап, кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасауға оқталу бабымен қылмыстық іс қозғады.
1 ақпан күні полицияға жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды күштеп ұстап алып, оған қатысты заңсыз әрекет жасауға әрекеттенгені туралы арыз келіп түскен. Бұл ерсі әрекет көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні қолға түсірді.
АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиіісті проссуалдық шешеім қабылданатын болады».
Күдікті жасөспірімнің ата-анасы да полицияға жеткізілді. Ал камелетке толмаған жәбірленуші қызбен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Нұргүл Жолымбетова






