Түркістан облыстық балалар ауруханасына 12 жасар пациент шұғыл жағдайда жеткізілген. Ішінің бүріп ауырғанына шағымданған науқастың жағдайы расында да ауыр еді.
Балалар ауруханасының эндоскопист дәрігері Рахманқұлов Бабуржан Ирискулович бронхоскопия арқылы пациенттің бронхынан бөгде затты алып шықты.
12 жасар пациенттің ағзасынан қаламсаптың қақпағы алынды. Пациенттың жағдайы қазіргі уақытта жақсы. Пациентке шұғыл көмек МӘМС жүйесінде көрсетілді.







