Úı ANONS Жариялымды 8 мыңнан астам желі қолданушысы көргені үшін айыппұл арқалады

Жариялымды 8 мыңнан астам желі қолданушысы көргені үшін айыппұл арқалады

фото kz.otyrar.kz
Түркістан облысының Созақ аудандық сотында ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау, жалған мәліметтерді теріске шығару және моральдық зиянды өндіру туралы Н.-нің жауапкер К.-ға қойған талап қою арызы қаралды.
 
Жауапкер 2025 жылдың қараша айында әлеуметтік желіде талапкердің жеке басын бейнелейтін бейнелерді пайдаланып, оның ар-намысымен қадір-қасиетіне тиетін, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жариялап таратқан.
Нәтижесінде, жариялымды 8 мыңнан астам желі қолданушылар көрген. Сотта талапкер жариялымдағы фактіні заңсыз деп танып, жауапкерге ресми кешірім сұрауды міндеттеп, моральдық зиян 2 млн. теңге, сараптамаға кеткен 200 мың теңге шығынды, өкілге кеткен 400 мың теңге шығынды және басқада жалпы 64 000 мың теңге шығындарды өндіруді талап етті.
Жауапкер талап қою арызды ішінара мойындады. Сот талқылауында, тараптар медиация тәртібімен келісімге келіп, ол сотпен бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
 
Жауапкер жариялымдағы дөрекі, балағат жазылған сөздерді жоққа шығарып, талапкерден ресми кешірім сұрау міндеттелді: Жауапкер 6 ай ішінде жалпы 642 190 теңге сот шығынын талапкерге өтеу міндеттелді.