Депутаттар қосалқы станцияның құрылысына алаңдайды АНОНС Жаңалықтар 

Депутаттар қосалқы станцияның құрылысына алаңдайды

Облыс орталығының солтүстік бөлігін сапалы жарықпен қамту үшін арнайы Астана-1 және Астана-2 қосалқы станциялар салынып жатыр. Бүгін белгілі болғандай, қос станцияның құрылысын жалғастыру үшін 3,3 млрд теңге қажет. Облыстық мәслихаттың депутатары бұл қаржыны бөлуді қанағаттандырды. Бірақ, қаржы бөлген халық қалаулыларын құрылыс қарқыны алаңдатып отыр. Құрылысы екі жыл бұрын басталып, әлі пайдалануға берілмеген Бозарық станциясының күйін кешіп қалмай ма деген қауіптерін де жасырмады. Астана-1 және Астана-2 қосалқы станцияларының құрылысы 7 млрд теңгеге бағаланған .Мердігер «Электромонтаж» серіктестігі нысанның жер қазу жұмыстарын 2016 жылдың соңында бастап, 600 млн теңгені игерген. Ал биылға бар…

Read More
Бозарық қосалқы станциясы қашан қосылады? Жаңалықтар 

Бозарық қосалқы станциясы қашан қосылады?

2016 жылы қолданысқа берілуі тиіс Бозарық электр станциясының құрылысы биыл да аяқталмайды. Бұл қосымша станция шаһардың солтүстік бөлігін жарықпен қамтамасыз ету тиіс болатын. Алайда бюджеттен бөлінген 4 млрд теңгені алған мердігерлер өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармаған. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттің жаңа әкімі Нұрлан Сауранбаевты тағайындап, бірнеше жауапкершіліктің жүгін артқанда дәл осы электр станцияның құрылысын қадағалауды тапсырған болатын. Терең шұңқыр ішінде өту қуаттылығы жоғары желіні тартып жатқан жұмысшылардың айтуынша, мұнда сағатына 10 мың киловат тоқ келеді. Ал оның қаланың солтүстік бөлігіндегі барлық шағынаудандарға сапалы жарық жеткізуге мүмкіндігі мол. Әзірге Шымкент…

Read More
Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды Компания жаңалығы 

Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды

Мақтаарал ауданындағы Мақталы қосалқы станциясында жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұнда соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар орнатылған. Баламасы жоқ су жаңа жабдықтар Ресейдің Санкт Петербург қаласынан алдырылды. Мақталы қосалқы станциясы — Мырзашөл өңіріндегі маңызды нысанның бірі. Алты бірдей елдімекенді сапалы электрмен қамтуда қуат таратушы негізгі орын болып саналады. Сондықтан қосалқы станцияның қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Мақталы қосалқы станциясында тозығы жеткен майлы 35 кВ Т-1 ажыратқышы қазіргі заманауи элегазды ажыратқышқа алмастырылды. Ал 10 кВ КРУН майлы ажыратқыштары су жаңа вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылды….

Read More
Шымкентте жаңа электр желілері тартылуда* Компания жаңалығы 

Шымкентте жаңа электр желілері тартылуда*

Шымкенттің Қаратау ауданында орналасқан қолданыстағы Теріскей және Нұрсәт қосалқы станцияларын байланыстыратын 110 кВ екі жер асты желісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі жақын. Сонымен қатар Сайрам ауданындағы Советская қосалқы станциясы кеңейтілуде. Жаңа құрылғылар Қаратау және Сайрам аудандарының бірқатар аумағындағы ауыртпалықты азайтып, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. Бұл ауқымды шара «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Қаланың қарқынды өркендеуіне байланысты шаһардың солтүстік бөлігінің аумағы аса кеңейіп барады. Оның негізгі орталығы әкімшілік іскерлік орталық болып саналады. Тұрғын аумақтың көлемі 1 млн 225 мың шаршы метрі құрап, онда 38…

Read More
Бозарық станциясы Жаңалықтар 

Бозарық станциясының құрылысы 2016 жылы аяқталады

Шымкенттіктердің 70 пайызын жарықпен қамту мақсатында салынып жатқан Бозарық қосалқы станциясының құрылысы қарқын алған. Мердігер компания бюджеттен бөлінген 1 млрд теңгені жыл соңына дейін игереміз деп отыр. Биіктігі 47 метрлік темір бағаналардың 60 данасы орнатылып үлгерілген. Жалпы құны 6 млрд 417 млн теңгелік құрылыс өтпелі. Бүгінгі таңда 50 жұмысшы еңбек етуде. Ал станцияның құрылысы келер жылы аяқталады деген жоспар бар. Жарық желілері қала сыртын айналып, №3 энергоорталыққа дейін тартылады. Жоспар орындалған жағдайда бұл Шымшаһардағы ең үлкен қосалқы электр станциясының бірі болмақ. Доллар бағамындағы өзгеріс бұл нысанға да өзіндік әсерін тигізген….

Read More
Жаңалықтар 

Бозарық халқы «Су құбыры іске қосылмаған, қалаға қатынау қиын» дейді

Шымкенттің іргесінде тұрып, орталыққа қатынай алмай отырған ел № 71 бағыттағы қоғамдық көліктің жұмысына наразы. Әсіресе, таңғы және кешкі қарбаласта қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушының қауіпсіздігін емес, түсетін табысты көбірек ойлайды деп ашынады Бозарық тұрғындары. Валихан Юсупов, «Южанка» кооперативінің  төрағасы: «Қоғамдық көлікте жүру қауіпті, бір-ақ есігі бар. Лық толғанда демалуың қиындайды. № 71 автобус құйындатып жүргенде жаныңды шүберекке түйіп, аман жетсем дейсің. Өткен жылы Ғани Ильяев көшесінде бір автобус аударылып түскен.» Бозарық тұрғындарының басқа да айтары бар. 13 мыңнан астам халық тұратын елдімекен суды о бастан осындағы су топтамасынан сатып ішеді,…

Read More