20 млн теңге… «Сақалды» құрылысты сақтау үшін

378

Бүгін белгілі болғандай, Бозарық қосалқы станциясы консервацияға қойылады. Осы қосалқы станцияның құрылысын бастаған «Шымкентхиммонтаж» ЖШС мен құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімдігі арасындағы келісімшарт бұзылды. Екі тараптың қатысуымен төрт рет сот отырысы өтіпті. Мердігерлер 5,5 млрд теңгеге жуық қаражатты игеріп үлгерген. Енді осы құрылысты жалғастыру үшін, қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі. Ал қолда бар мүлікті сақтап қалу үшін 20 млн теңге қаражат бөлінді.

Бозарық қосалқы станциясы Шымкенттегі ең үлкен сақалды құрылысқа айналды. Бұл нысанның құрылысы 2015 жылдың басында басталып, 2016 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда мердігер «Шымкентхмимонтаж» ЖШС-і 5,5 млрд тенгені игеріп, түрлі себептермен құрылысты аяқтамады. Төрт рет сот болды, енді мердігерлер жұмысын жалғастырмайды келісімшарт бұзылды. Есесіне бюджеттің қыруар қаражатына алынған қондырғыларды сақтап қалу қала басшылығынаның бас ауруына айналды. Консервация үшін 175 млн теңгеден астам қаражат қажет болды. Бірақ қалалық мәслихаттың депутаттары тарапынан сауал көп болды

Бүгінгі таңда бұл қосалқы станцияда екі күзетшіден өзге жан жоқ. Құрылысқа тапсырыс беруші ТҮКШ бөлімі бар қондырғыларды қабылдап алуға кірісіпті. Бюджеттен бөлінген 20 млн теңге қаражатты жұмсап қолда бар қондырғыларды сақтап қалудың қамына кіріскен.

Осы тұста айта кететін және бір мәселе, бұл қосалқы станция іске қосылмаса, салынып жатқан «Астана-1», «Астана-2» және «Нұрсәт» шағынауданындағы сондай-ақ, құрылысы енді басталатын Қайнарбұлақ елді мекеніндегі екі станция да жұмыс жасай алмайды. Осы 5 бірдей нысанның көзі Бозарық қосалқы станциясы болып табылады екен.

Нұрлан Күдерұлы