Қарабастаудағы Кенесарин көшесі – шұрық тесік

406
Қарабастаудағы Кенесарин көшесі қашан жөнделеді...

Шымкенттегі Қарабастау елдімекеніндегі Әзімхан Кенесарин көшесінің тұрғындары аудан әкімдігінің өкілдеріне өкпелі. Айтуларынша, көлік қатынайтын жолмен жаяу жүргіншілер әрең жүреді. Өз өтініштерін айтып бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған тұрғындардың ендігі үміті – арыздары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жоғарғы жаққа жетсе дейді.

Қарабастаудағы Кенесарин көшесі қашан жөнделеді...

Мұндағы шұрық тесік жолдардың жөнделмегеніне бірнеше жыл болыпты. Ал жөндеуді сұрап, көпшіліктің жазған арызына биліктегілер құрғақ уәдемен тойдырып келеді екен. Еңбекші ауданы әкімдігінің табалдырығын тоздырған халық өздері сайлаған депутаттарға да өкпелі. Ал аудан әкімі жақында ғана бір жылдық есебін бергенінен тұрғындар бейхабар.

Қарабастаудағы Кенесарин көшесі қашан жөнделеді...

Шымкент қалалық автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, бұл жол – облыстық маңызы бар жолдардың тізімінде. Сол себепті қаражат облыстан бөлінеді.

Қарабастаудағы Кенесарин көшесі қашан жөнделеді...

Көп жыл бойы көлеңкеде қалып жүрген көпшілік енді шыдамның таусылғанын айтады. Және биыл биліктегілер қалаға қосылған елдімекендерге көңіл бөледі деген үмітте.

Нұрлан Жаңабай