Қойма өз мақсатында жұмыс істемей отыр

Былтыр жылдың басында іске қосылған құны 376 млнды құрайтын қойма бүгінде өз мақсатында пайдаланылмауда

Күз бен көктем аралығында көкөніс пен жеміс-жидектің қорын жинау арқылы бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ мерзімге сақтайтын қойма салынған еді.

Былтыр жылдың басында пайдалануға берілген қойма бүгінде өз мақсатында жүзеге аспауда. Өйткені айналымға қажетті қаражат көлемі жоқ. Қоймадағы жалға алынған орындарда жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер өнімдерін сақтауда.

Жергілікті биліктің ауыл шаруашылығы өнімдерінің қорын жасап,қол жетімді бағамен оңтүстікқазақстандықтарды қамтамассыз ету бастамасы аяқсыз қалып отыр. Ұйымдастыру жұмысында үйлесімділік пен жүйе болмағанның салдарынан халықтың қаржысы кезекті рет шығындалуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D9ow5WVbNe0[/youtube]