«Іздеп таптым сені» атты мелодраманың премьерасы

Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында 21-қыркүйек күні «Іздеп таптым сені» атты мелодраманың премьерасы өтеді. Авторы — Т. Миннуллин. Өзбек тілінде жазылған пьесаны қазақ тіліне аударған жазушы Иран-Ғайып. Ал оны қысқартып,сахналық нұсқасын жасаған ҚР халық әртісі Е.Уразимбетов.

Шығарма негізгі екі кейіпкерден тұрады. Оқиға желісі 20 жасар мүгедек қыз бен соғыстан аяғынан айырылып оралған 25-27 жасар жігіттің арасындағы махаббаты жайлы баяндалады.

Қоюшы режиссер — Е. Уразимбетов, қоюшы суретші — Қ. Жұмағұлов. Премьера сағат кешкі 18.00-де басталады.