Шымкентте әуесқой фотосуретшілер мен гүл өсірушілердің үздіктерін анықтады

Қаламыздағы дендробағында облыс тұрғындары жиналған Алтын күз облыстық туристтік слет болды. Тәуесіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған фестивальдің мақсаты жастар мен жасөспірімдердің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, Оңтүстігіміздің көркем аймақтарымен халықты таныстыру болды.

Арнайы құрылған қазылар алқасы слетте ұсынылған туындыларды бағалады. Яғни,әуесқой фотосуретшілер мен гүл өсірушілер,оларды безендірушілердің үздіктерін анықтады.

Фотосуретшілер арасында «Жалғыздық» деген еңбегімен Абдуали Разметов жеңімпаз едп танылса, гүл өсірушілер мен оны безендірушілер арасында №19 «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымының еңбегі бағаланды.