Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бүгін тегін тілашар кітаптары таратылып жатыр.
ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген тілашар топтамасы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген талаптарды жүзеге асыру мақсатында жасалған.
Шымкент қаласында тұратын 580 мыңнан астам тұрғынның 337 мыңы қазақтар, 243 мыңы өзге ұлт өкілдері, ал Сайрам ауданындағы тұрғынның 192 мыңға жуығы өзге ұлт өкілдері. Сол себептен тілашарлар аудандар мен қалалардың халық саны мен өзге ұлт өкілдерінің санына қарай бөлінді. Мысалы: Шымкент қаласына 9400, Сайрам ауданына 3800, т.б. Мемлекеттік тілді үйренемін деген келіп өтінішін білдірген жағдайда тілашар тегін таратылады.
Тілашар топтамасы күнделікті әлеуметтік-тұрмыстық және ауызекі сөйлеу тілінде жоғары жиілікпен жұмсалатын, сөйлеу әдебіне, жөн сұрасуға, сұрақ-жауап алмасуға қатысты тұрақты репликаларды, стандартты орамдарды білу, оларды күнделікті коммуникативтік актіде пайдалануға ұмтылу тілді үйренудің бастапқы сатысында айрықша тиімділік танытады.