«Оңтүстік Рабатты» не үшін оқимын?

Кешегі аптада өткен мерзімді басылымдарға жазылушылар күнінде редакция қызметкерлеріне келіп, басылым жайлы өз ойларын ортаға салып жатқан оқырмандар қатары көп болды.

Олар әсіресе, газет бетінен қызықты ақпараттарды көп оқитындықтарын, қажетті телефон анықтамасы үшін алатындықтарын жасырмады. Сонымен бірге,  «Әйел әлемі», » Артық болмас білгенің…», «Ұлттық құндылықтар», «Туған жерді танисың ба?» атты айдарлармен берілетін  мақалаларды қызыға оқитындықтарын жеткізді.

Оқырман өз таңдауын жасай отырып, газет бетінен алдағы кезде әдеби, тарихи шығармаларды жиі көргісі келетіндіктерін айтты.

«Жұлдызнамаға» қарап алдағы күнге болжам жасайтындар да жоқ емес екен.

Айтпақшы, газетке жазылу индексі – 66729.  Басылымға жазылуды ұмытпағайсыз!

Біз Сіз үшін жаздық, Сіз де жазылыңыз!