Шымкентке «МузАрт» ансамблі келеді.

Қараша айының 12,13,14 -ші жұлдыздары қаламыздағы халықтар достығы үйінде МузАрт тобының жеке шығармашылық кеші өтеді.

Кеште өнерлі ұжым жанды дауыста ән орындап, жиналған көпшілікті ерекше сезімге бөлемек. «Күзгі бақ», «Жүрегім менің», «Есіл ағады» «Махаббат гүлі солмайды» сынды әндерімен жерлестерімізді тәнті етпек.

Жақында «Мұзарт» ансамблі «Меломен» тобымен дуэтте ән айтып, оған бейне клипте түсірген болатын.

Қазір топ осы мақсатта қарқынды түрде дайындық үстінде. Келем деушілер қазірден бастап билеттерді сатып алуларына болады.