Қаламызда медициналық құрал жабдықтар шығаратын өндіріс орны қолданысқа берілді. Ол бүгінде толыққанды жұмыс жасауда. Облысымыздағы медициналық мекемелерді отандық өнімдермен қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. Енді, сұйық препараттар шығаратын фармацевтикалық зауыттың кірпіші қаланды. Бұл жоба 2013 жылы іске асады.
Ауыр техникалар жұмысқа кірісіп, алғашқы кірпіші қаланған зауыттың облыс тұрғындарының денсаулығы үшін маңызы зор .25 млн евро инвестиция тартылған өндіріс орны жылына 12 млн шөлмек медетциналық сүйық препарат шығарады . Зауытта 150 маман жұмыс істейтін болады.
Фармацевтикалық комплексте шығарылатын дәрі Европалық стандартарға сай болуы тиіс. Сол себепті Германиялық және швециялық мамандар қолдау жасауға келісімін беріп отыр. Өнім ТМД және алыс жақын шет елдерге экспорталатын болады. Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының аясында бүгін бастау алған жоба 2013 жылдың екінші үшінші тоқсанында іске қосылады деген жоспар бар. Зауыт 4 мың 335 шаршы метр аумақта бой көтереді.