Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық Академиясында екі бірдей айтулы оқиға

340

Оқу кеңесінің кеңейтілген отырысы мен тағамтану орталығы департаменті жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шараларға құрметті қонақ болып академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов қатысты. Қызыл лента рәсім бойынша қиылды. ЖОО-ның жетекшілігі экскурсияны бастамас бұрын, студенттер мен педагогтарға осы уақытқа дейін бірігіп жеткен жетістік жайында және алдағы атқарар жұмыстарды атап өтті. Басты мақсат бір- ол ОҚ фармацевтикалық академияның болашақта еліміздегі ең үздік білікті оқу ордаларының біріне айналуына ықпал ету.

Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық Академиясының ректоры Бақытжан Сексенбаев:»Біздің алдымызда үлкен жауапркешілікті жұмыстар тұр. Менімше бірігіп атқарсақ, біз медицниалық білім беретін ЖОО-ның арасында ең үздігі болатынына сенемін. Бұл осы бағыттағы білімді әлемдік деңгейге жеткізудегі даңғыл жол»,-деп атап өтті.

Жиналғандар тағамтану департаментінің кең бөлмесін, ондағы қажетті жабдықтарды көруге асық. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Леон Бернард атындағы ең жоғары сыйлығының лауреаты, академик Төрегелді Шарманов, өзі жоғары бағалайтын ЖОО-ның белсенді дамып келе жатқанына қуанғанын жасырмады.

«Аз ғана 3-4 жылдың ішінде үлкен жетістікке жеттіңіздер. Ұжымның жаңа белестерге көтеруліге дайын екендігі байқалып-ақ тұр»-деді ол.

Кеңейтілген жиында тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде академияның жеткен жетістігі, басты бағыттары мен халықаралық әріптестік жайы айтылды. Сонымен қатар «20 жұлдызды іс» акциясының басталғаны жария етілді. Ал оқу орны жетекшілігі ОҚ фармацевтикалық академиясының құрметті профессоры атағын Төрегелді Шармановқа тапсырды. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне орай 20 үздік студентке нетбуктар табыс етілді.