Оңтүстікте сөз бостандығы бар

Қазақ журналистерінің сөз бостандығы мәселесін ұран еткен мәдени шараға елге еңбегі сіңген азаматтар келді. Олар оңтүстітегі бірқатар ақпарат құралдарын аралап, телеарна тіршілігімен танысты. Сонымен қатар атаулы басылымдарға бас сұғып, шығармашылық ұжыммен кездесті.

«Еркін сөзге 20 жыл» атты медиа форум аясында өзге өңірлерден келген журналисттер алдымен Отырар телеарнасына келіп, арна тілшілірімен кездесті.  Жаңалықтар қайнайтын қазандықтарды көзбен көріп, журналистердің жұмыстарымен танысты, баспасөз жиынын өткізді.

Содан кейін делегация Оңтүстіктегі ең атаулы басылымдардың бірі Заманаға ат басын тіреді. Шығармашылық ұжымның  жай күйіне куә болып, өзара тәжірбие алмасты.  Сөйтіп баспа үйінен шығатын бірнеше басылымдармен танысты.

Форумға шақырылғандар Ернұр пресс корпаррациясына да шақырылды. Бұл мекеме басылымды басып шығарудан оны таратуға дейінгі жұмыстарды атқарады. Республикалық газеттердің айына 3 млн-нан астам данасын шығарады екен. Оның ішіндегі 800 мың данасы шымкенттік басылымдардың еншісінде.

Ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстанда 300 газет-журнал мен 11 телеарна тіркелген. Солардың ішкі асханасымен танысып, ақпар алмасқан қонақтар содан кейін Шанин атындағы облыстық драма тетрында жергілікті халықпен жүздесті. Форумның тоқ етер сөзі де осы жерде баяндалды.