«Бар мейірім балаға», «Ризашылық». Шымкенттегі №3 балалар үйінде осындай тақырыпта қайырымдылық мерекесі болып өтті. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының бастамасымен ұйымдастырылған шара биыл 3-рет өткізіліп отыр.
Балалардың «Ризашылық» тойына бұл жолы Сара апалары фотостудия бөлмесінің түрлі-түсті принтері мен фотоқұрылғысы сынды керек-жарағын сәлемдеме ретінде жіберіпті. Және балалар үйіндегі әрбір тәрбиеленушіге арналған «Жас досына хаты» тағы бар. Ал демеушілер жағы болса, балғындарды тәтті нандармен сыйлап, қосымша тартуларын да ұсынып жатты. Айта өтейік, балалар үйінде бүгінгі күні 91 бүлдіршін тәрбиеленуде. Осы жылы 14 бала патронаттық жүйемен әке-шешелі болса, тағы 7-уі қандас ата-анасымен қауышқан.
Негізгі бастауын 16 ғасырда Америка жерінен алған қос қайырымдылық шарасының біздің елге келгеніне осылайша, биыл 3-жыл. Сыйға сый, сыраға бал емес пе?! Алыстан ат терлетіп келгендерді балалар үйінің тәрбиленушілері де бос жібермей, қолдан жасаған киіз үй кәдесыйын тарту етті.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EiF8M68jEBw[/youtube]