Марқұмды еске алу үшін дарынды тұлғаның өнердегі әріптестері, көзін көрген достары Шымкент қаласында ашылған Шәмші аллеясында Ержан Серікбаевтың құрметіне қойылған бес жұлдызға барып, гүл шоқтарын қойды.
70-тен аса ән жазған Ержан Серікбаевтің “Қала”, «Көтерейік, кәне, достар», «Інжу маржан», «Алматы таңы», “Қазақ жігіттері” сияқты шығармалары ел сүйіп тыңдайтын тамаша туындыларға айналды.
Еске алу сәтіне қатысқандар енді жылда Ержан Серікбаевтің туылған күнінде осында жиналуға уәде берісіп тарқасты.
Айта кететін бір жәйт, әншінің туып өскен ауылы Арыс қаласында 5-ақпан күні орталық «Ергөбек» мәдениет үйінде Ержан Серікбаевті еске алу кеші өтпек.
Аталған кеште Ержанның құрметіне жарыққа шыққан кітаптың тұсау кесері де өтеді деп жоспарлануда.