Үздіктердің көшін «Отырар» телеарнасы бастап тұр

209

Еліміздегі азаматтық қоғамның дамуына үлес қосқандар марапатталды. Облыстық ішкі саясат басқармасында бас қосқан өз саласының үздіктеріне ҚР Мәдениет министрлігінің арнайы дипломы табыс етілді.

ҚР Мәдениет министрлігі мен «Колыбель» қоғамдық ұйымының арнайы ноинациялары бойынша азаматтық қоғамның дамуына еңбегі сіңгендер арнайы дипломдармен марапатталды. Еліміздегі азаматтық қоғамның тұрақтылығы мен мәселелерін кеңінен насихаттағаны үшін «Отырар» телеарнасы БАҚ арасында үздік деп танылды.

Сондай-ақ, жастар болашақ иесі номинациясы бойынша «Сана-сезім» , «ардагер» номинациясы бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шымкент филиалының төрағасы Қуат Садырдин марапатталды.

Сонымен бірге, қаламы қарымды журналист Оңғар Тәжиевке Тәуелсіздіктің 20жылдығына арналған мерекелік төсбелгі берілді.