Қызылордада бір азамат өзін-өзі жарып жіберді

шұғыл ақпарат

Қызылорда қаласында жарылыс орын алды. Аты жөні белгісіз азамат адам көп шоғырланған аудандағы үйлердің бірінде өзін-өзі жарып жіберген. Бұл туралы мәліметті ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Қалдыбек Абдуллаев мәлім етті.

Ұзынқұлаққа сенсек, сыр орталығында бір емес екі жарылысы орын алған. Екінші жарылыс қаладағы үлкен дүкендердің бірінде тіркелген. Мұнда да жанқиғыш өзін өзі жарып жібергенге ұқсайды.

Әзірше қандай да бір мәлімет беру ертерек. Бірақ жарылыстың орын алғандығы туралы факт ресіми расталды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы да ақпараттар белгісіз.