Алдағы күнге ауа райы болжамы

417

Ауа-райы да келе жатқан Жаңа жылдық мерекені сезген сыңайлы. Табиғатта көңілденіп, ақ үлпілдек қар жауып, қала ерекше кейіпке енген. Шымкенттіктер де айналаны ақ ұлпа жапқанына қуанышты. Өйткені өткен жылдары жер қара боп, мерекелік көңіл күй сезілмеген болатын.

Жаңа Жыл қарсаңында және қаңтарда ауа райы қандай болады деген сауалды гидромет қызметкеріне қойдық. Мамандар өз болжамдарын жасауда. Қар Жаңа Жылда, қаңтарда да жауады. Ұлу жылы қарсаңында Қазақстан бойынша ауа райына белсенді циклон әсер етіп, суытады. Циклонның әсерін оңтүстікқазақстандықтар да сезінеді.

Ольга Иконникова, гидрометқызметінің маманы : «Облыс бойынша аздаған қар жауады.29 ылғал – жауын шашын қар да болады деп күтілуде. Күндіз жылы болуы да ықтимал. Ал 30 желтоқсанда облыста қар жауады деген болжам бар. Температура түнгі уақытта -8-13 градусқа төмендесе, өңіріміздің солтүстігінде 16 градус аяз болады деп күтілуде».

Көлік жүргізушілерін мезі еткен таңғы уақыттағы тұман 1-қаңтарда сейіледі. Ондай ауа райы айдың ортасында қайта оралады. Қыс өз қақарына қаңтарда кіріседі. Салдарынан таулы аудандарда ылғалдылық жоғары болады. Температура Оңтүстікте төмен болады.  Жаңа Жыл мерекесін аязсыз жақсы көңілмен қарсы алуға мүмкіндік бар.