ОҚО бойынша Салық департаменті үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен республикалық орта білім беру мектептері арасында осындай атаумен ұйымдастырылған акцияны қорытындылады. Алғаш рет өтіп отырған шара жеткіншектердің мектеп қабырғасынан салықтық білімін жетілдіруге және экономиканы түсінуге деген ынтасын арттыру болып табылады.
Акция қараша айының 1-нен желтоқсанның алғашқы күніне дейін жалғасты. Оған 1-сыныптан бастап, 11-сыныптың оқушылары дейін белсенді қатысты. Шарты қарапайым, оқушылар тұтынушы ретінде тауар сатушыдан бақылау кассасы арқылы чек талап етеді. Қай ауданның оқушылары өз талабын жақсы орындағанын анықтау осы күні барабан айналдыру арқылы мүмкін болды.
Сонымен, Ордабасы аудандық Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары олжалы болды. Ал ауыл мектептері арасында жеңімпаз чек санына қарай анықталған-ды. Бес мыңға жуық чек жинаған Түркістандағы Майшай Әбенова атындағы орта мектептің 10 «б» сынып оқушылары бірінші орынға лайық деп танылды.
Әрбір ел азаматы салық төлеуге міндетті, сондай-ақ сатып алған тауарына чек талап етуге құқығы бар. Бұл бізді сапасыз тауардан қорғайды, екіншіден салық төлеуші өз табысын жасырмау үшін күрес, үшіншіден бұл елімізде болашақта болатын жалпыға бірдей декларацияны тапсыруға дайындық.
Акцияның үшінші кезеңі Астанада өтеді. Чек жинауда бірінші орын алған сынып Елордаға саяхат жасауға жолдама алады.