Тассайлық тұрғын көлігінен адам денесін тауып алды

240
Тассайлық қылмысын жасырған

Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық полиция бөліміне арызданған Тассай шағынауданының тұрғыны өз көлігінен қапталып оралған өлі азамат денесін тауып алғандығын айтады. Өлі дене «Фольксваген-Гольф» көлігінің артқы жүк салғышынан шығыпты.

Арызданушы таңертең есік алдында тұрған көлігімен жолға шықпақ болып, оны оталдырады, содан соң, артқы жүк салғыш ашып қалса әлгі өлі адмның денесі шыққан.

Оқиға орнына арнайы топ жіберіледі. Айқын болғандай әлгі өлі адам денесінде бір емес, бірнеше пышақ іздері бар екен. Сол күні-ақ, қаза болған адам анықталды. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Арнайы жүргізілген іс-шара барысында сол күні-ақ 39 жастағы күдікті қолға түседі. Күдікті сол Тассайдық тұрғыны екен.

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай қылмыс ішімдік ішілген кейін орын алыпты. Қамауда отырған күдікті осылайша, ешкімнің ойына кіріп шықпайтын жаңаша әдіспен, қылмысын жасырмақ болыпты.