Қоқыс қалдықтарын шығарудың құны өзгерді

278
қоқыс полигоны

2012 жылдан бастап Шымкент қаласында тұрмыстық қалдықтардың бір кісіге шаққандағы  көлемі көбейді. Ол дегеніміз ақысы да өседі деген сөз. Бұл қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайының артуына байланысты болып отыр. Аталмыш норманы қалалық мәслихаттың депутаттары өткен жылдың үшінші тоқсанында бекітіп берген болатын. Енді қоқыс қалдықтарын шығарумен айналысатын мекемелер осы құжатқа сүйенеді.

Көпқабаты үйде тұратын жеке тұлғалар үшін норма бір кісіге 1.7 текше метр болып бекітілген. 1998 жылы соңғы рет белгіленген норма 1.11 болыпты, ал жеке сектордың тұрғындарына 1.55. текше метр болып өзгертілді. осылайша «Спецавтотранспорт» мекемесі көпқабаты үйде тұратын бір тұрғыннан 55 теңгенің орнына 83 теңге жеке сектордан 76 теңгенің орнына 97 теңге төлемақы алады. Ал Әл Фараби ауданындағы тұрғындарға қызмет көрсететін «Техналогия 21» мекемесінің ақысы өзгеше.

Ал заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметке төлем келісім шарттағы бағамен көрсетіледі. Әр кісіге шаққандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі мен бағасындағы өзгерістерге байланысты қоқыс алаңшаларынан қоқысты алып кетуді жиілету керек. Ол үшін қосымша жұмысшы мен техникалар қажет екендігі жасырын емес. Бағаның өсуі көрсетілетін қызметтердің де сапасына әсер етуі тиіс. Қоқыс алаңшалары жаңартылып қала орталығында заманауи жер асты қоқыс алаңшаларын орнату жоспары тұр.