2012 жылы әуе отынына тапшылық артады

«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі Қазақстандық әуе отынының 140 мың тоннаға дейін тапшылық көретіні туралы хабарлады.

Еліміз осы жылы шамамен 600 мың тонна әуе отынын жағуы мүмкін. ҚР Мұнай және газ министрлігінің мәліметінше, қазақстандық мұнай өндірушілер 460 мың тонна ғана әуе жанармайын өндіре алады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-мен бірлескен мемлекеттік органдардың жанармай тапшылығын халық сезінбеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда дейді. Мұнан бөлек, 2016 жылы еліміздегі қазақстандық мұнай өндіруші  зауыттарды модернизациялау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жаңашаландыру жобасы аяқталғаннан соң, нарықтағы әуе отынының қажеттілігі қамтамасыз етілетін болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның мамандары бұрындары сұйықотынның тапшы болуына бірден-бір себеп деп 2011 жылдың соңында ресейлік мұнайдың келмей қалуын айтқан еді.