Жолдауды оңтүстік жұрты ұйып тыңдады

290

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Онда Елбасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, инновациялық бағдарламаларын одан әрі дамыту жоспарын нақтылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында он басым бағыт айқындалды.

Палатаның бірлескен отырысына жиналған қауымның қарасы қалың. Депутаттар да, үкімет мүшелері де, министрлер кабинеті мен облыс әкімдері де осында. Осы отырыста келер бес жылда жүзеге асыратын 10 бағыттан тұратын даму жоспары белгіленді. Оның біріншісі – жұмыспен қамту. Жұмыс орындарын ашып, халықты лайықты қызметпен қамтамасыз ету үкімет пен әкімдерге жүктелді. Ал екінші бағыт – қолжетімді баспаналар салу. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы қабылданып, жарты млн. жас отбасын баспанамен қамтамыз ету көзделіп отыр. Бұл үшін 1 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын-үй салынбақ.

Президент жолдауында Кадрлық резерв қалыптастыру, болашақ басқарушы элитаны қазірден іріктеу жолдары да қамтылды. Сонымен қатар, сот жүйесіне қатысты қадау-қадау тапсырмалар жүктеп, судьялардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруды тапсырды. Сот саласындағы заңсызды

қ төтенше оқиға секілді елдің бәріне жарияланып отыру керек деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент жыл сайынғы жолдауында білім мен медицина мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Бұ жолы да қос саланың стратегиялық бағыт-бағдарын белгілеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті: «Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз».

Сан түрлі саланың дамуын қамтыған Елбасының дәстүрлі Жолдауын шымкенттік мемлекеттік қызметкерлер де ұйып тыңдап отыр. Қала әкімінің орынбасары мен аппарат жетекшісі көгілдір жәшіктен көз алар емес. Өйткені ондағы айтылған жоспарлар мен тапсырмаларды орындау үкіметтен бастап, жергілікті атқарушы органдардың міндеті.

Жолдау барысында Шымкент сияқты ірі шаһарлар мен бір саланы тірек еткен шағын қалаларды көркейту мәселесі де айтылды. Жаңаөзендегі жағдай бірсалалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, жағдайды қалпына келтіруге шара қабылдады. Қазір ондағы жағдай тұрақтанды. Сондықтан мен, Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым»,-деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті: «Қадірлі отандастар! Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Оны біз 20 жылдықта айттық. Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді. Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз. Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз дұрыс деп санаймын. Бұл жолда біз үшін ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы. Дана халқымызда «Игілік басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын! Осы мерейлі белесте баршаңызға мол табыстар тілеймін! Назарларыңызға рахмет!»