595 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

404
жумысшылар

ОҚО-да 7 кәсіпорын өз жұмысшыларына еңбек ақысын төлемеген. Олардың 595 жұмысшыға 50 миллион теңгеге жуық қарызы бар.

30 миллион теңге қарызы бар үш кәсіпорын құлдырауға ұшыраған. Борышкерлердің қарызын өтеу ісін облыстық прокуратура өз бақылауына алған.

Белгіленген мерзімге дейін бұл іс бойынша мәселе шешілуі тиіс.

Даулет Дербісалдинов прократура қызметкері: «Негізінде құрылыс компаниялары жұмысшыларының жалақысын төлеуге келгенде салғырттық танытады.  Содан барып, ол жалақылар айлап жиналып, соңы компанияның құлдырауын келіп соғады. Құлдырау – ол басқа мәселе , ал жалақыны уақытыл төлеп, жұмысшының құқын таптамау басқа мәселе. «