Баспанасыз қалған азаматтар «БТА-ипотеканы» сотқа берді

327
Абай аудандық соты

Абай аудандық сотында банкке қатысты тағы бір даулы іс қаралуда. Ипотекаға тұрғын үй алған жерлестеріміз қарызын төлей алмай оны, банк тартып алған. Азаматтар банк жоғары талаптар қойып отыр дейді. Талап Жоғарғы сотқа жетті, енді іс жаңадан қарауға берілді. Бүгінгі сот мәжілісіне БТА ипотеканың өкілі кешігіп келді.

Абай аудандық сотында 13 азаматтың арызы бойынша іс қаралуда. Олардың барлығы БТА-ипотекадан қарыз алғандар. Қаржы институты көбінің кепілдікке қойылған жалғыз баспаналарын тәркілеген. Азаматттар енді банкті сотқа беріп отыр. Мұны олар заңсыз деп есептейді. Осылай, арызданып жоғарғы сотқа да жетті.

Жарқұлова Қыздығой, «Өз баспанамызды қорғайық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: «Бала-шағамызбен қосып, үйден шығарып жергенін дұрыс деп ойламаймыз. Жоғарғы сотқа жүгіндік. Олардың жасағаны заңға қайшы

Сот процесі былтыр қарашада басталған. Талапкерлер банктегілердің заңға қайшы әрекетін дәлелдеу үшін несие алғандардың құжаттамасын көрсетуді сұраған. Бар қызық осы кезде басталыпты. Фариза Оразбаева БТА-ипотекадан 1 млн 636 мың 800 теңге алған екен. Қоғамдық өкілдердің айтуынша, азаматша банкке 500 мың теңгесін төлеп үлгерген. Бірақ, банк баспанасын алып қойыпты.

Қыздығой Жарқұлова, "өз баспанамызды қоғайық" ҚБ-нің төрайымы

Жарқұлова Қыздығой, «Өз баспанамызды қорғайық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: «Фарида Оразбаеваның кәмелетке толмаған 5 баласы бар. Ал құжаттама бойынша, ол тұрмысқа шықпаған болып шықты. Тіпті, күнделікті 100 мың теңге пайдасы бар базарда сауда жасайды деген. Алдын Керуен Сарайда сонан соң Бекжан базарында кәсіпкер болып істеген деген жалған құжатттар жасаған.Бірақ, ол 2003 жылдан бері Корона маккарон цехында жұмыс істеді. Ал несиені 2006 жылы алған. Банкке ондай жалған құжаттар жасаудың не қажеті бар еді?»

Мұнымен қоса, қоғамдық бірлестік өкілдері кепілдікке қойылған мүлікті бағаланағандада заң бұзушылықтар орын алған деп есептейді.

Жарқұлова Қыздығой, «өз баспанамызды қорғайық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: «Несие бергенде тәуелсіз бағалаушы емес, өздерінің бағалаушыларын алып келген. Оларды мүлікті тәркілегенде ғана шақырды».

Әділдік іздеп шарқ ұрғандар баспанамызды қайтарып, пайыздық үстемесін азайтсын және мүлік кепілі туралы келісімшарттың күшін жойсын деген талап қоюда. Арызданушылар оған қоса, БТА ипотекадан үш миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы өндіріп алмақ. Істің анық-қанығын сот шешетін болады.