Бәйдібек ауданындағы Алғабас ауылынының Шақпақ елді мекенінде малын іздеп шыққан екі ағайынды із-түссіз жоғалып кеткен. 19-қаңтар күні түсте үйлерінен шыққан бойы олар оралмады. Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар басқармасына хабарланған.
Аталмыш оқиға бойынша, шұғыл топ құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Араға 10 сағаттан астам уақыт салып, Шақпақ елді мекенінен 17 шақырым солтүстік аумақта ағайындылар табылды. Олар Алғабас ауылындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің тексеруінен өтті.