Футбол алаңына Шымкенттік ардагерлер шықты

262
Кубок "Тұран" командасына бұйырды
Кубок «Тұран» командасына бұйырды

Бес команданың ойыншыларын басын қосқан турнир Николай Казанков, Александр Хасап және Николай Александровты еске алуға арналды. жасанды шөптің үстінде доп қуалаған футболшылардың бір қатары бұл бапкерлердің шәкірті болса, өзгелері жолдастары. Ал Владислав — Николай Казанковтың ізін басқан ұлы.

Владислав Казанков, Н. КАзанковтың ұлы: «Мұндай турнирді жыл сайын өткізуге тырысамыз. Әкемнің рухын сыйлап, турнирдің өтуіне атсалысқан ағаларға алғысымды білдіремін. Кезінде білікті маман бола білген азаматтардың есімі өшпеуі тиіс екені сөзсіз».

Николай Казанков, Николай Александров, Александр Хасап. Бұл үш азамат та кезінде ала допты қуалап, облыс намысын республикалық турнирлерде қорғаған. Металлурга, мелиоратордың құрамында ептілік танытқан. Кейіннен шәкірт тәрбиелеп, бүгінде олардың бір қатары елімізге танымал футбол маманына айналған.

Нұрлан Орынбаев, қалалық №7 футбол мектебінің директоры: «Оңтүстік футболының дамуына үлес қосқан бапкерлерді естен шығрмауымыз қажет. Ал бұл турнир алдағы уақытта жалғасын табады деп сенемін. Оның үстіне бұрынғы командаластар қайта жиналып, көңіл де көтеріп қалды».

Дәстүрлі турнирге бес команда жиналды. Бір күн бойында сынға түсіп чемпиондарын да анықтады.Бірінші орынды Тұран футбол командасы жеңіп алды. ал екінші орыннан әуежай қызметкерлері еншілесе, алғашқы үштікті № 7 қалалық футбол мектебінің бапкерлері қорытындылады.

Равшан Ирисметов, турнир ұйымдастырушысы: «Осыған дейін балалар үйінің жеткіншектерін де турнирге шақыратынбыз. Биыл тек ардагерлер арасында өткізуді жөн санадық. Көп футболшылар ауа райының қолайсыз болуына байланысыты келе алмады. Десек те жоспар орындалды».

Турнирдің үздік ойыншылары да анықталды. Ендігі мақсат ұлу жылы да жиналып, ала допты қайта қауалау.