Шымкент қаласының мұз сарайында қайырымдылық шара өтті. Мұнда жас жеткіншектерге мұз айдынында сырғанауды шебер меңгерген ересектер үйретуге тырысты.
№8-ші спорт мектебі мұндай шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Алдағы уақытта да жалғасады дейді басшылық тарапы.
Мұз айдынында Алматыдан келген спортшы Кристина Прилепконың өнерін көрермен табжылмай тамашалады. Біздің облысымыздың намысын қорғауға бел буған Кристина 9 жылдан бері осы спорт түрімен шұғылданып келеді екен. Сондықтан, жас, енді мәнерлеп сырғанауды үйреніп келе жатқан коньки тебушілерге үйретері көп.
Қайырымдылық шара арқылы Шымкенттік балғындардың қысқы спорт түріне деген қызығушылығын арттырып, әрі оңтүстікте чемпиондардың санын арттыру.